Текст
03.10.2025
Мектебімізде "Ұстаздар күні" ерекше көңіл күймен, жоғары деңгейде аталып өтілді. Бұл күн – білім нәрін себуші, болашақтың негізін қалаушы ұстаздарға деген құрмет пен алғыс айту мерекесі.
Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін паш етіп, ұстаздарға арнап жүрекжарды тілектерін, ән-жырларын арнады. Мерекелік концертте мектеп директоры мен ұстаздар қауымына арналған құттықтау сөздер айтылып, ардагер мұғалімдерге құрмет көрсетілді.
"Ұстаздар күні" — ұстаз еңбегінің бағаланатын, қадір-қасиеті дәріптелетін ерекше күн ретінде есте қалды.