«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Қанай би ауылының негізгі орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытынды бойынша кемшіліктермен ескертулерді түзету есебі
15.032023 № 17-11-01-25/226 шығыс хаты жіберілген негізінде мемлекеттік аттестаттау нәтижелері туралы қорытынды бойынша кемшіліктермен ескертулерді түзету мақсатында әдістемелік ұсыныстарды есепке ала отырып, қайта аттестаттау комиссиясы құрылып жоспар жасалынды, ескертулер төмеңгі негізінде түзетілді:
№ |
Мазмұны |
|
1 |
2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың «ортаңғы жас» тобының перспективалық жоспары берілмеген. Ұсынылған циклограмманың ұйымдастырылған қызмет бөлімінде дене шынықтыру, музыка жетекшісі бекітілген перспективалық жоспардың міндеттері көрсетілмеген. Ұсынылған перспективалық жоспар мен циклограмма бекітілген оқу жұмыс жоспарына сай құрылмаған. |
|
1. 2022-2023 оқу жылында шағын орталықтың «ортаңғы жас» тобының перспективалық жоспары дұрысталып, құрылды. 2.Циклограммадағы қызмет бөліміндегі дене шынықтыру, музыка жетекшісі бекітілген перспективалық жоспарда міндеттері көрсетілді. 3.Перспективалық жоспар мен циклограмма бекітілген оқу жұмыс жоспарына сәйкестендірілді. |
||
2 |
Педагог мәртебесі туралы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ ҚРЗ Заңының 21-бабына сәйкес Еркін Бақытжан Сәкенұлының математика пәні бойынша 2021 жылғы 31 желтоқсанда алған қайта даярлау курсынан өткені туралы сертификаты жарамсыз болып табылады. |
|
Нәтижесінде: 24 наурыз 2023 жыл № 74 бұйрығымен Қарауыл Қанай би негізгі орта мектебінің штатына математика, геометрия пәнінің мұғалімі болып Хайрат Есболат қабылданды. Бітірген оқу орны: Ш.Уалиханов жанындағы көп салалы колледжі. Оқыған жылдары: 2004-2007 жылы математика пәні мұғалімі Еңбек өтілі: 14 жыл 2ай Біліктілігін арттыру курсы: «Математика» пәні бойынша педагог кадрлардың біліктілігін арттыру білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде оқу курсын аяқтады. 15.04.2019 жыл. Құжаттары көрсетілген. Жеке куәлік, диплом, диплом растайтын анықтама, біліктілігін арттыру сертификаты,жұмысқа қабылданған бұйрығы. |
||
3 |
Білім беру ұйымының «өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі ұсынылмады: |
|
Нәтижесінде: Білім беру ұйымының "өрт қауіпсіздігі қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы сәйкестікті тексеру нәтижелері туралы актінің/хаттың көшірмесі берілді. |
||
4 |
1. Білім беру ұйымында оқу-тәрбие жұмысының орынбасарлары Жетенова А.Б, - тәрбие ісі жұмысының орынбасары Орынтаева У.С. - оқу жұмысының орынбасары үш жылда бір реттен өтетін біліктілікті арттыру курсынан өтпегені анықталды 2. Көркем еңбек пәні мұғалімі Жетенов Нұржан Мұратбекұлы бейіні бойынша біліктілігін арттыру курсынан өтпегені анықталды. |
|
Білім беру ұйымында тәрбие жұмысының орынбасары Жетенова А.Б Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру «Педагогтің зерттеу қызметі .Action Research және Lesson Study» білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курс аяқтады. Сертификаттар ұсынылды.(анықтама)
Орынтаева У.С. оқу жұмысының орынбасары Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру «Педагогтің зерттеу қызметі .Action Research және Lesson Study» білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курс аяқтады.Сертификаттар ұсынылды.(анықтама)
Көркем еңбек пәні мұғалімі Жетенов Нұржан Мұратбекұлы Қазақстан Республикасы педагогтерінің біліктілігін арттыру «Педагогтің зерттеу қызметі .Action Research және Lesson Study» білім беру бағдарламасы бойынша 80 академиялық сағат көлемінде курс аяқтады.Сертификаттар ұсынылды.(анықтама) |
||