Құрметті ұстаздар, қадірлі ата-аналар, ардақты оқушылар!
Сіздерді 1-қыркүйек – Білім күнімен және Жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл күн – әрбір жүректе ерекше толқу, үміт пен қуаныш сыйлайтын ұлы мереке. Мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндер үшін — алғашқы қадам, ал жоғары сынып оқушылары үшін — жаңа белестер мен мүмкіндіктерге бастар жол.
Ұстаздар қауымына — қажырлы еңбектері үшін алғыс білдіре отырып, шығармашылық табыс, білім нәрін себуде сарқылмас шабыт тілейміз.
Ата-аналарға — балаларының жетістігіне бірге қуанып, әрдайым демеу болуларына тілектеспіз.
Қымбатты оқушылар! Алда сендерді қызықты сабақтар, жаңа білім, достар мен жарқын күндер күтуде. Жаңа оқу жылы сендер үшін табысты, сәтті, жемісті болсын!
Білім күні құтты болсын!