Текст
Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжіне 9 сынып оқушысы Молдахметова Назым барып, болашақ мамандық таңдауға бағытталған танымдық кездесу өткізді.
Мектеп түлектерімен бірге колледждің оқу жүйесі, шығармашылық бағыттары, білім алу мүмкіндіктері туралы жан-жақты танысып, қызықты әрі пайдалы ақпарат алды.
Осындай кездесулер жастардың болашаққа нық қадам жасап, жүрек қалауымен мамандық таңдауы үшін үлкен мүмкіндік береді.